Қазақстан үкіметі отставкаға кетті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жарлыққа қол қойды


05/02/2024
16:32 9013 0

Фото: Kapital.kz

 

Ақорда баспасөз қызметінің мәліметінше, ақпанда президент Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарлыққа қол қойған. 

 

Жарлық бойынша, премьер-министрдің міндетін уақытша атқарушы болып, Роман Скляр тағайындалды. Үкімет мүшелері жаңа үкімет жасақталғанша өз міндеттерін атқаруды жалғастырады. Жарлық қол қойған күннен бастап күшіне енеді. 

 

Бұған дейін БАҚ-та президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен 7 ақпанда үкіметтің кеңейтілген отырысы өтетіні жөнінде ақпарат тараған. 

 

Отставкаға кеткен Әлихан Смаилов 2022 жылғы Қаңтар оқиғасынан кейін премьер-министр болып тағайындалған. Ол үкіметті екі жылдан астам уақыт басқарды. Бұған дейін ол бірінші вице-премьер болып қызмет атқарған. 

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

05/02/2024 16:32
9013 0

Уведомление